Қытай азаматы ұшақта қазақстандықтың қомақты қаражатын ұрлап алған
- author «Ақ жол»
- 21 қазан, 2015
- 480
Қытай азаматы қазақстандық әуе көлігі жолаушысының ірі көлемдегі қаражатын тонап кеткен, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
«2015 жылғы 19 қазан күні таңғы сағат 07:15-те Алматы әуежайындағы желілік полиция бөліміне Алматы қаласының тұрғыны азамат Е.Турабековтен «Мәскеу-Алматы» бағыты бойынша ұшу кезінде портфелінде тұрған 280 000 теңге ақшасын ұрлатқаны туралы арыз келіп түскен. Аталған қылмысқа қатысты күдікті ретінде ҚХР азаматы ұсталды. Күдікті жолаушы ретінде осы әуе маршрутымен ұшып келген, бұдан соң «Алматы-Бейжің» бағытымен ұшуды жалғастырмақ болған. Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚХР азаматы жасаған айыбын толық мойындап, ол азаматтан 280 000 теңге ақша алынды», делінген хабарламада. Қылмыстың жолын кесу мақсатындағы шаралар қолға алынды.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




