Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев «Астана» ФК қолдау үшін Мадридке арнайы барды
- author «Ақ жол»
- 21 қазан, 2015
- 790
Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне өткен алғашқы қазақстандық клубты қолдау үшін бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Мадридке арнайы ұшып барған. Бұл туралы «Астана» футбол клубының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында хабарланып отыр.
«Өзіміздің командаға қолдау көрсетеміз, ойын қалай болар екен деп, командамыз үшін уайымдаймыз. Әрине, «Астана» Мадридке қосалқы құраммен келгені белгілі, бірақ, соған қарамастан, жігіттерімізді намысты қолдан бермей, мықты қарсылас екенін көрсетер деген ойдамын. Бір жағынан, қосалқы құрамдағы жігіттер де қалай ойнайтынын көрсетуі керек қой. «Астана» жақсы ойын көрсетеді деп үміттенеміз. Әрине, командамыз жеңсе, бізден бақытты жанкүйер болмайтын еді, дегенмен, тең ойын көрсетсе де, біз «Астана»-ға ризамыз», - дейді С.Сәпиев. Естеріңізге сала кетейік, УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінде «Астана» футбол клубы елорда уақытымен 21 қазаннан 22 қазанға қараған түні «Висенте Кальдерон» стадионында «Атлетико» командасына қарсы ойнайды. Футбол Астана уақытымен сағат 00.45-те басталады және «Таң» телеарнасының тікелей эфирінен және телеарнаның сайтынан көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




