Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының қаражаты экономиканы кредиттеуге жұмсалуы мүмкін
- author «Ақ жол»
- 21 қазан, 2015
- 777
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражаты экономиканы кредиттеуге жұмсалуы мүмкін.
Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банк Төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
“Біз қазіргі таңда үкіметпен бірлесіп экономиканы кредиттеу мәселесімен айналысып жатырмыз. Соның ішінде БЖЗҚ қаражатын алдағы жылдары экономиканы кредиттеуге жұмсау мүмкіндіктерін қарастырудамыз. Бұл ауқымды қаражаттар негізінен банктерге, тұрғын үй құрылыстарына, сондай-ақ экономиканың аралас секторына жұмсалуы мүмкін”, – деді Келімбетов.
Оның айтуынша, алдағы уақытта ел экономикасын теңгемен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін табады.
“Бұл жағынан еш мәселе жоқ. Дегенмен, «бүгінгі ахуал қарапайым, жеңіл» деп ешкім айта алмайды. Ең бастысы, ертең доллар бағасы не боларын ешкім дөп басып айта алмайды”, – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




