«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сарапшылар Қазақстандағы дағдарыстың 5 жылға созылатынын ашып айтты

Сарапшылар Қазақстандағы дағдарыстың 5 жылға созылатынын ашып айтты
ашық дереккөз
Сарапшылар Қазақстандағы дағдарыстың 5 жылға созылатынын ашып айтты

pogudx2fk5r0l850l.78f89bf6Әлемдік дәрежеде мұнай бағасының түсіп кетуі дағдарыстың орын алуына себепші болуда.

Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасында экономист Мақсат Халықов айтты.

«Қазір көптеген экономистер мұны жүйелі дағдарыс деп атап жатыр. Яғни, бұл нақты бір саладан шығып тұрған жоқ. Барлық салада болып жатқан үдеріс. Сонымен қатар, сарапшылар арасында өткен дағдарыстармен салыстырғанда бұл дағдарыс күрделі болады деп болжануда. Дағдарыстың орын алуы әр түрлі салдарға байланысты. Жалпы алатын болсақ, негізгі себеп- әлемдік дәрежедегі тұрақсыздықтың орнауы, екіншіден  – жаһан нарығында мұнай бағасының түсіп кетуі. 2017 жылы ЭКСПО-ны өткізіп алғаннан кейін өзіміз де, экономикамыз да да ары қарай ілгерілеу болады деп ойлаймын», – деді Мақсат Халықов.

2007-2009 жылдардағы  дағдарыс – ол локальды түрде болған дағдарыс. Қазір елімізде мұнай-газ және шикізат экспорты 40 пайызға қысқарған.

Бағдарламаның екінші қонағы Алматы қалалық кәсiпкерлер палатасының экономикалық талдау бөлiмi басшысы Нариман Әбілшайықовтың айтуынша, бұл дағдарыс 5 жылға созылады.

«Елбасымыз қазіргі таңда үкімет алдында үлкен жоспар қойып отыр. Ол жоспардың басты мақсаты – дағдарыстан аман-есен шығу. 2007-2009 жылдардағы  дағдарыс – ол локальды түрде болған дағдарыс. Қазір елімізде мұнай-газ және шикізат экспорты 40 пайызға қысқарған. Осыған байланысты қазір Қазақстан, Ресей және өзге де шикізат тасымалдайтын елдерге осы дағдарыс төніп отыр. Бұл дағдарыстан аман-есен шығу үшін елбасымыз үкіметке, премьер-министр Кәрім Мәсімовке тапсырма берді. 2007 жылғы дағдарыс кезінде қордан 10 млрд доллар ақша бөлінген. Қазіргі таңда осы дағдарыстан шығу үшін Ұлттық қордан ақша алу қажет пе немесе бұл қаражаттың көзін қай жақтан іздейміз деген сауалдарға көп көңіл бөлу керек деп санаймын. Жалпы үкімет басшысы Кәрім Мәсімов осы жылдың ортасында дағдарыс әлі 5 жыл болады деп жоспар берген», – деді Әбілшайықов.

Ұқсас жаңалықтар