Елімізде әлемде баламасы жоқ қалта телефоны секілді шағын пішіндегі аккумулятор жасалып жатыр.
Қондырғы 1 киловатт энергия береді. Бұдан бөлек, 360 градуста жарық беретін, 15 жылға дейін жарамды, қуатты 3-4 есе үнемдейтін шамдардың өндірісі қолға алынған, деп жазады massaget.kz.
Астанада 2017 жылы өтетін EXPO көрмесіне ұсынылатын осындай 25 түрлі тың жоба таныстырылды. Жаңашылдықтарға толы ғылыми ізденістерді «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен Энергетика министрі Владимир Школьник аралап көрді. Егер ғалымдардың баламалы қуат көздерін дамытуға бағытталған еңбектері тиімділігін дәлелдесе, халықаралық көрмеге қойылады. Ал жобалардың іске асуына бизнесмендер атсалысып, мемлекет тарапынан да қаржыландырылуда.
«Әр жобаның бағасы әр түрлі. 2 жыл бұрын бағдарлама басталды. Бірақ оның алдында іргелі зерттеулер жасалған. Мысалы мынау батареяларды біз EXPO-ға дайындап жатырмыз. Бірақ ол бүгін жасалған жоқ. Оның іргелі ғылыми зерттеу жұмыстары 5-6 жыл бұрын жасалған. Сондықтан қанша қаржы жұмсалды? Қандай бағада тұрады деп айту өте қиын», - дейді техника ғылымдарының докторы, профессор Әбдікәрім Зейнуллин.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




