Жамбыл облысында балықшы көлге батып кетті
Талас ауданында суда жазатайым оқиға орын алды, деп хабарлады Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінен.
«Қаратау қаласынан бес шақырым жерде орналасқан көлге балық аулап отырған кезде осы қаланың 45 жастағы тұрғыны батып кетті, делінген ведомство хабарламасында. - Іздеу жұмыстарын жүргізу үшін оқиға орнына ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ-інен сүңгуірлер тобы жіберілді. Қажетті жабдықтармен жарақталған «УАЗ» автокөлігімен жеті адам келіп жетті».
4 сағатқа созылған іздестіру барысында ер адам табылып, судан шығарылды, марқұмның денесі Талас ауданы ІІБ полиция қызметкерлеріне табысталды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




