Канада тұрғыны бос контейнерден 2 млн доллар тауып алды
- author «Ақ жол»
- 20 қазан, 2015
- 729
Канада тұрғыны он жыл бұрын сатып алып, көпір ретінде пайдаланған жүк контейнерінің ішінде ештеңе жоқ екеніне сенімді болған.
Күндердің күнінде Джон Уилсон оны ашып, ішінен құны шамамен 2 млн доллар болатын реактивті қозғалтқыш тауып алады.
«cbc.ca» порталы жазғандай, қозғалтқышты тауып алған кезде оған ең бірінші «түрмеге қамайды» деген ой келген. Уилсон бұл қозғалтқыштар бұрын Корольдік канадалық HMCS Athabaskan флотының кемесіне орнатылғанын айтады. 1994 жылы жаңғыртылған кезде ескі қозғалтқыштарды алып тастап, герметикалық контейнерлерге орналастырған, кейіннен, белгісіз себептермен бос контейнер ретінде сатылған.
Джон осы контейнерлердің бірін небәрі 400 долларға сатып алған.
Канада тұрғыны өзін қозғалтқыштың заңды иегері санайды, бүгінде құны 2 млн долларлық затты интернет-бәссаудаға сатылымға қоймақ.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




