Қанат Ислам әлемдегі ең мықты компаниялардың бірімен келісімшартқа отырмақ
- author «Ақ жол»
- 20 қазан, 2015
- 530
Қанат Ислам әлемдегі ең мықты компаниялардың бірімен келісімшартқа отырмақ. Бұл туралы кеше «Хабар» телеарнасының «Көзқарас» бағдарламасында қонақта болған белгілі кәсіпкер Бауыржан Оспанов мәлім етті.
Бағдарламаны жүргізуші Ирак Елекеев Бауыржан Оспановқа көптеген спортшыларға қолдау көрсетіп жүргеніне алғысын айта келіп, Қанат Ислам туралы «Қазір Қанат Ислам қайда? Қашан әлем чемпионы болады? Чемпиондық атақтың ауылы қаншалықты алыс?» деген ел көкейінде жүрген сауалдарды қойған еді. Осы орайда Бауыржан Оспанов Қанат Ислам туралы жағымды жаңалығымен бөлісті.
«Ол - қазақтың ұлтшыл азаматы. Алла тағала талантты әр қырынан бере салған азамат. Мен Қанаттың отбасы, жанұясын жақсы білемін. Үлгілі отбасында туған, өнегелі азамат. Елім-жерім дегенде жанын беруге дайын азамат. Оның ақыл-ойы, күш-қабілеті бір емес, бірнеше мәрте әлем чемпионы болуға жетеді. Сондай-ақ сол атақты қорғап тұра алатын азамат. Өкініштісі, Қанат елімізге кішкене жайырақ келіп қалды. Бірақ, оның жеңісті жолдары алда. Бүгін айтпай тұра тұрайын, Қанат Исламның алдағы бәсекелеріне байланысты осы 3-4 күннің ішінде әлемнің ең мықты компанияларының бірімен келісімшартқа қол қойылады. Содан кейін Қанат әрі қарай кемінде екі айда бір рет жарысқа шығатын болады. Жеңіске бастайтын үлкен жол ашылады. Көп ұзамай Қанатпен қайта қауышып, бір-екі айда жетістіктерін еститін боласыздар», - деп атап өтті Бауыржан Оспанов.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




