Суықтан қабақ шытқан қала тұрғындарына жылу қашан толық беріледі?
Сүмбіле түсіп, су суығалы да біраз болды. Тараз қалалық әкімдігінің аппаратындағы «Қыс мезгіліне сақадай сай дайынбыз» дегенде еріндері еріндеріне жұқпайтын шенеуніктердің межелі мерзім - 15 қазанға дайын болмағаны қалай? Әрине, Таразда көп қабатты тұрғын үйлерге жылу жетті. Дегенмен... кейбір көп қабатты тұрғын үйлер мен мекемелер әлі жылытылған жоқ. Сонымен, қыстың белгілері де қылаң берді. Алғашқы қар да қылаулап, күннің қабағы қатулана бастады. Ендігі жерде ауа райының ызаға булықпаса, көңілге қарамасы анық. Мұны жылу беру тізгінін қолына ұстаған «Таразэнергоорталық» АҚ президентінің міндетін атқарушы Мәлік Өтегенов мырза назарда ұстаса екен дейміз.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




