Жеңістерге жетелейтін бағдаршам
Талғат Рысқұлов, «Қазфосфат» ЖШС Тараз филиалы «Минералды тыңайтқыштар зауытының» бас инженері, «Нұр Отан» партиясы бастауыш партия ұйымының төрағасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Жолдауында: «Мен өзімнің тәжірибемнен алдын ала сезіп отырғанымдай, таяудағы жылдар жаһандық сынақтардың уақыты болады. Әлемнің бүкіл архитектурасы өзгереді. Барлық елдер осы күрделі кезеңнен лайықты өте алмайды. Бұл шептен тек мықты мемлекеттер, жұдырықтай жұмылған халықтар ғана өтетін болады. Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі және геосаяси қысымның эпицентріне тікелей жақын орналасқан ел ретінде, барлық осы үдерістердің теріс ықпалына тап келеді. Нәтижесінде, не болып жатқанын біз көріп отырмыз: әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда...» деген болатын. Осыдан-ақ Елбасының әлемдегі экономикалық ахуалды бағамдап, болжай алатын, сол арқылы елімізге тиімді шешім қабылдауға қауқарлы екеніне айқын көз жеткізуге болады. Бүгінде елімізден Кедендік одаққа мүше болуымен және түрлі қаржылық ауытқушылықтарға байланысты болып жатқан әлеуметтік өзгерістер Елбасы тарапынан талай мәрте айтылған болатын. Бастысы, халықтың сол заматта айтылған сөзге ерекше мән беріп, тиісінше қадам жасай білуінде болды. Былайша айтқанда, қамданған адам құр қалмады.
Еліміздегі ғана емес, әлемдегі алпауыт компаниялардың бірі болып саналатын «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты бірқатар зауыттар Елбасының Жолдауында айтылған әрбір тапсырмаға ерекше ден қоя отырып жұмыс істеуде. Ең басты орынға үнемшілдікті қоя отырып, білікті де білімді мамандарды және тиімді технологияларды жұмысқа тарту арқылы көптеген жетістікке жетуге болатынын байқау қиын емес. «Минералды тыңайтқыштар зауыты» өндіретін түрлі өнім елімізде және бірқатар алыс-жақын шетелдерде сұранысқа ие. Сапалы өнім шығаруды бірінші кезекке қоятын ұжымның жұмысы қандай кезеңде де тоқырап қалған жоқ.
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауында Президент: «Осы жылдардың бәрінде шикізат өндіру мен одан түскен табыстарды біз осы Ұлттық қорға салып келдік. 10 миллиард долларды біз 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы күреске бағыттадық. Қалған ақшаны ішіп-жеп және жұмсап қойған жоқпыз, сақтадық және көбейттік. Қазір біз осы резервтерді пайдалануға тиіс болатын кезең туындап келеді. Бұл қаржы қиын уақыттарды еңсеріп, экономикамыздың өсімін ынталандыруға көмектесетін болады. Бұл ресурстар қысқа мерзімдік шараларға арналмаған. Олар экономиканы әрі қарай қайта құрылымдауға бағытталатын болады. Нақты айтқанда, көліктік, энергетикалық, индустриялық және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталады» деген болатын. Осыдан кейін-ақ көп ұзамай елдегі экономикалық ахуалдың біршама қиындықтарға тап болғанын, алайда, көреген басшымыздың арқасында есебімен жұмсалған қаржының өз қажетіне жұмсалып жатқанын көріп отырмыз. Осы секілді көптеген мысалдарды келтіре отырып, «Нұрлы жолд» бағдарламасы шын мәнінде елді жарқын болашаққа жетелер бағдаршам деп айтуға әбден болады.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді