Алматыдағы қымбат мейманханалардың бірі қонақтарына алтын араластырылған кофе ұсынды
- author «Ақ жол»
- 19 қазан, 2015
- 839
Алматыдағы қымбат мейманханалардың бірі The Ritz-Carlton қонақтарына алтын араластырылған кофе ұсынды. Бұл туралы buro247.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZхабарлайды. Бұл шара Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне ұйымдастырылуда.
The Ritz-Carlton мейманханасы өз мәзіріне "Алтын орда” атты кофе енгізді. Оның құрамында кофе, шоколад соусы және ұнтақталған жапырақша алтын бар.
Алтынды ұсақтап асқа сәндік үшін қосу әлемдік тәжірибеге біртіндеп енуде. Енді бұл жаңалық Қазақстанға да келіп жетті.
"Қазақстан ерекше мәдениеті бар ел бола тұра, жаңа мәдениетті өзіне тез қабылдайды. Сол себепті біз Қазақстан үшін дәстүр мен жаңалықты қатар алған жаңа кофе ұсындық”, – дейді F&B The Ritz-Carlton бағытының директоры Корнелия Митлмайер.
Сусын дәстүрлі ыдыста шоколадпен бірге беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




