Қытай мамандары күйзеліске ең көп ұшырататын кәсіптер тізімін құрды.
Оларға адамдардың өз денсаулықтарын құртып, өздеріне көп міндеттер алуына тура келетін және өздері түк шешпейтін кәсіп түрлері жатқызылады, деп жазады The Telegraph. Осылайша, жұмысы көп және аз төленетін кәсіп түрлері (мысалы, даяшылар) адамдардың жүрек ауруларына (ишемиялық инсульт алу мүмкіндігі 58 пайызға дейін артып отыр) шалдығу қаупін арттырады.
Ал күйзеліске аз ұшырайтын ғалымдар мен сәулетшілер үшін жүрек ауруларына шалдығудың қаупі үлкен емес. Айта кетейік, ауысым кестесімен істелетін жұмыс обырдың дамуы мен жалпы алғанда денсаулықтың бұзылуына әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Сондай-ақ «қара тізімдегі» кәсіптердің қызметкерлері денсаулықтарына дұрыс қарамай, темекі шегіп, нашар тамақтанады, жаттықпайды деп ойлауға негіз бар.
Рейтингті құрғанда жалпы алғанда 138782 адамның мәліметтері есепке алынған (күйзеліс деңгейі, олардың денсаулық жағдайы, жұмыс сапасы тіркелген). Адамдарды 3 жылдан 17 жылға дейін бақылаған. Жалпы алғанда күйзелістің жоғары деңгейі бар жұмыс қызмет көрсету саласында (даяшылар, күтушілер) болған. Сондай-ақ ондай жұмыс ер адамдар арасында инсульт қаупін 4,4 пайызға, ал әйелдер арасында 6,5 пайызға өсірген.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




