Геннадий Головкин: Кездесуге шапан мен туды өз еркіммен алып шығамын
- author «Ақ жол»
- 19 қазан, 2015
- 269
Кеше қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Нью-Йорктегі Madison Square Garden-де канадалық Давид Лемьені нокаутпен жеңіп, жанкүйерлерін бір қуантып тастады.
Бірде-бір жекпе-жегінде жеңіліп көрмеген атақты боксшының ел есінде қалған сөздерін NUR.KZ порталы esquire.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынады.
Мен боксты таңдаған жоқпын. Бокс өзі мені таңдап алды;
Мен 9 жасымда алғаш рет жеңіліп қалдым. Жеңісті қарсыласыма бергеннен кейін мен бар күшімді салып жаттығатын болдым;
Мен жекпе-жекті өз отанымда өткізгім келеді. 2017 жылы Астанада халықаралық Экспо-2017 көрмесі өтетін болады. Бұл көрме – үлкен іс-шара. Ол бізге әлем қоғамының назарын Қазақстанға аударуға көмек береді деп үміттенемін;
Не істесем де шын жүректен істеймін. Шапан, әнұран, ту – мұның бәрі жүректен шығады;
Қарағанды – өте қауіпті қала. Мен достарыммен футбол стадионына барып, сол жерде төбелестім. Ауданның өзге аймақтарында да қайта төбелес болды. Көшеде ең мықты екенімді дәлелдеуге тура келді;
Дарын – адамға берілген жаза. Оның иесі соңына дейін баруға шамасы жетпей, белгілі деңгейге жеткенде ода әрі өсе алмай қалады;
Төбелес қарапайым шаруа болатын. Бұл керемет болды деп айта алмаймын. Өте қиын әрі қауіпті болды;
Мен әкемнің құрметіне, әкем үшін жұдырықтасамын. Бокс – менің өмірім, онымен отбасымды асырап отырмын;
Маған ең бірінші кезекте рух беретін – менің ұлым. Ол маған үнемі жекпе-жек алдында сәттілік тілейді. «Міне сенің қолғабың мен формаң» дегенде жекпе-жек сәтті болатынын сезінемін;
Айналамызда дау-дамай тым көп. Бұл маған өз ісіммен айналысуға үлкен кедергі келтіреді;
Өмірімде қасықтан ауыр ештеңе көтеріп көрген емесін. Қалжың емес. Мен ауыр атлетикамен емес, бокспен шұғылданамын. Бұл мүлдем басқа сала;
Менің әкем ешуақытта ауырған емес. Ол жай ғана досымен сөйлесу үшін далаға шыққанда жүрегі тоқтап қалды;
Кез келген қарсыласты жеңуге болады. Ең бастысы – қатты қаласаң болғаны;
Маған қатыгездікпен жұдырықтасқан ұнайды. Одан ләззат аламын;
Рингтен тыс уақытта мен қарапайым жігітпін. Дүкенде сіз мені танымас та едіңіз.
Тізім Геннадий Головкиннің отандық және шетелдік БАҚ-қа берген сұхбаттарынан жасалды.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді