қазақ хандығының тойына атсалысқан кәсіпкерлер облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді дана қазақ. Бұл аталы сөздің ақиқатына өңірімізде өткен тарихи той барысында тағы бір көз жеткіздік. Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойы Тараз төрінде тағылымы мол іс-шараларға толы болып, жоғары деңгейде өткеніне барша қазақстандықтар куә болды. Осы орайда мерейтойдың дайындық жұмыстарына белсенді түрде атсалысып, қолдау көрсеткені үшін өңіріміздегі кәсіпкерлер облыс әкімі Кәрім Көкірекбаевтың Алғыс хатымен марапатталды.
Марапаттау жиынында облыс басшысы атынан сөз алған облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанке кәсіпкерлерге ізгі ниетін білдіріп, халық атынан рахметін жолдады. Одан соң «Қазфосфат» ЖШС, «Та-Мақ» ЖШС, «Арайстроймаркет-2003» ЖШС, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС, «Сарытас Удобрения» ЖШС, «Запчасть» АҚ, Орталық базар, «Атакент-Тараз» сауда орталығы және Қазақстандық іскерлік ынтымақтастық орталығы «Атакент» АҚ-ның директорлар кеңесі, «Ауыл-Береке» сауда орталығы, «Қайқармет» және «Бек», «Арзан» сауда орталықтарының ұжымдары марапатқа ие болды. – «Көп түкірсе – көл» деген осы. Біз сіздерге шын көңілмен ризашылығымызды білдіргіміз келеді. Сіздер той қарсаңындағы Тараздың түрленіп, тамаша келбетке ие болуына өз үлестеріңізді қостыңыздар. Барлығына үлгі боларлықтай іс жасадыңыздар деп ойлаймын, – деді Тимур Амантайұлы. Біз тойға дайындық жұмыстары барысында базар маңынан үлкен, сәнді қақпа орнатқан болатынбыз. Сондай-ақ, барша кәсіпкерлермен бірге өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерттік бағдарламаны ұйымдастыруға қол ұшын бердік. Ал бүгін еңбегіміздің еленіп, ескеріліп жатқанына қуаныштымыз. Тарихи тойға қолдан келгенше атсалысу кім-кімнің де азаматтық парызы деп түсінемін, – дейді «Ауыл-Береке» сауда орталығы директорының орынбасары Амангелді Әжмаханов. Сондай-ақ, тараздық «Та-Мақ» ЖШС-ның директоры Мира Конкашова өздерінің шаһар шырайын арттыруға қосқан еңбегі ел игілігі үшін жасалғанын айтып, облыс әкімінің Алғыс хаты ұжымның мерейін тасытқанын жеткізді.
Жанғазы АХМЕТ, «Ақ жол».
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді