Иосиф Кобзон Ресейді Қазақстан халқынан үлгі алуға шақырды
- author «Ақ жол»
- 19 қазан, 2015
- 625
Ресей Федерациясы достықты ту еткен Қазақстан халқынан үлгі алса деймін. Бұл туралы Астанадағы Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің кеңейтілген отырысында Ресей Мемлекеттік думасының II-VI шақырылымдарының депутаты Иосиф Кобзон мәлімдеді.
Қазақстанға қазіргі қиын кезеңде осындай отырыс өткізіп жатқанына алғыс айтқым келеді. Бірнеше жыл бұрын біз Қазақстанды «әлемнің рухани астанасы» деп атаған болатынбыз. Мен Қазақстанға келгеніме қуаныштымын, өйткені бұнда қандай да бір ұлтаралық қақтығыс деген түсінік мүлде жоқ. Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты түрде ұлттар достастығы насихатталатын жалғыз ел. Әлемдік қауымдастық жарылыстар мен әскери әрекеттерден жапа шегіп отыр. Адамдар, балалар қаза болып, өркениет жоғалып жатыр. Бұл әрине бәрімізді алаңдатады. Ал адамгершілік идеялар тазалығы үшін күресті біз Қазақстаннан табамыз. Мен осы үшін Қазақстан президенті мен оның идеяларын жүзеге асыратын Қазақстан халқына алғысым шексіз. Сіздерге қызғанышпен де қараймын. Ресей Қазақстан халқынан үлгі алса деймін. Бізде рухани мәдениет форумы өткізілмейді. Мен Қазақстаннан қайтқанда Ресей президенті Владимир Путинге осы форум туралы айтып, Ресейде де осындай шара өткізуді сұраған болатынмын”, – деді Иосиф Кобзон.
Сондай-ақ, отырыста Қазақстан Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова өңірлердегі жұмыс – ҚХА жұмысының негізгі бағыты екендігін атап өтті.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда ҚХА жылы шеңберінде 8,5 миллион адамның қатысуымен 30 мыңнан астам шара мен әлеуметтік акция өткізілген.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




