АҚШ боевиктерінің жұлдызы Жан-Клод Ван Дамм BBC телеарнасының 5 Live Breakfast бағдарламасында берген сұхбатында әлемнің жойылып бара жатқанына алаңдаушылығын білдіріп, адамзат баласын құтқарып қалудың жолын ұсынды, деп хабарлайды Bnews.kz.
54 жастағы актердің айтуынша, 50-60 жылда Жер ғаламшарындағы бүкіл тіршілік иесі жойылып кетеді.
«Егер де біз таяу ондаған жылдар ішінде адамзат баласының жойылып кетуін қаламасақ, бар күш-жігерімізді экология мен жануарлар дүниесін сақтап қалуға салуымыз керек. Қазір әлем тұншығып жатыр, мұның алдын алуымыз керек», – дейді Ван Дамм.
Әлемнің таяу жылдары жойылатынын айтқан бір Ван Дамм емес. Бұған дейін әйгілі физик ғалым Стивен Хокинг те дәл осындай болжам жасаған болатын. Ғалымның айтуынша, бүкіл адамзат таяу мыңжылдықта жер бетінен жойылып кетеді.
Ал британиялық инженер Мехран Кеше осы сенбі, 17 қазан күні алапат жер сілкінісі болып, жер бетіндегі бүкіл тіршілік иесі түгелдей жойылады деді.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




