«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Көлбастау ауылында мешіт ашылды

Көлбастау ауылында мешіт ашылды
ашық дереккөз
Көлбастау ауылында мешіт ашылды

14Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына тұс келген Жуалы ауданындағы тағы бір жағымды жаңалық - Мыңбұлақ ауылдық округінің Көлбастау ауылында салынған мешіттің ашылуы болды,-деп жазады ауданы әкімдігінің ресми сайты.  Бұл қуанышты оқиғаны ауыл жұрты көптен күткен-ді. Бұрынғы ауыл мешіті ыңғайластырылған ескі ғимаратта орналасқандықтан, жамағатқа жайсыз болатын. Діндар қауым тілегін ауыл тумасы, бүгінде Шымкент қаласында кәсіпкерлік саласында табысты еңбек етіп жүрген азамат Ринат Толымбекұлы құп алып, былтыр жазда жеке қаражатына ауыл орталығынан мешіт ғимаратының құрылысын бастаған. Бір жарым жылға жуық салынған ғибадат үйінің әрбір элементі ескерілді. Қос мұнарасы мен күмбезі биік, намаз оқу залы жарық, қең де жайлы болып салынды. Мешітке жапсарлас үй-жайда имам бөлмесі, сауат ашу бөлмесі бар. Дәретханада ыстық су болуы да ескерілді. Міне, мерейтой күні әсем де, сән-салтанаты келіскен «Құлый баба» мешітінің ашылу салтанаты болды. Оған ауыл және аудан орталығынан жұрт көптеп жиналды. Жамағаттың көзайым қуанышын бөлісуге Қазақстан Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы келді. Дінбасы сөзінде ауыл тұрғындарын ел байтағында өтіп жатқан маңызы терең тарихи сәтпен және мешіттің ашылуымен құттықтап, игі тілегін білдірді. Ғалым-жазушы Мекемтас Мырзахметұлы, ауданның бұрынғы бас имамы бүгінде Тараз қаласындағы «Хамрақұл» атындағы мешіттің бас имамы Сейітқазы қажы Медетбек, ауыл ақсақалдары Сейітжапар Айсадықов, Орынбай Әбдіқ, Әсет Олжабаев, Ақсай ауылдық округінің қариялары Қәрібай Құрмашев, Аманжол Дүрәліұлы, кәсіпкер Нұржігіт Бегалы және т.б. сөйлеп, мешітті жеке қаражатына тұрғызған Тілеубаевтар әулетіне, әулет басшысы Толымбек ақсақал мен ұлы Ринатқа алғысын білдіріп, тарту-таралғыларын жасады. Мешіттің лентасын қию рәсімін ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы орындады. Әжелер шашуларын шашты. Мешіт есігі айқара ашылып, жиылған қауым ішке енді. Намазхандар жаңа ашылған мешітте бесін намазын өтеді. «ZhambylNews» АА

Ұқсас жаңалықтар