Геннадий Головкин Қарқаралыда туристік кешен салып жатыр
- author «Ақ жол»
- 15 қазан, 2015
- 345
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қарағанды облысының Қарқаралы ауданында туристік кешен салуды бастады. Бұл туралы Қарқаралы ауданының әкімдігінің өкілдеір мәлім етті.
Туристік кешен салынатын 400 шаршы метр орынды боксшы 2014 жылы 2 млн теңгеге сатып алған. Жер телімі «Үлкен көлге» жақын маңдағы ұлттық парктің жанында орналасқан.
«Қарқаралының шығысында «Үлкен көл» көлі бар. Бұл көлдің жағалауын қазір туризмді дамыту үшін жеке кәсіпкерлерге сатып жатырмыз. Мысалы, әлемге әйгілі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин өткен жылы көл жағалауынан 400 шаршы метр жерді туристік кешен салуға сатып алған болатын. Қазір ол құрылыс жұмыстарын бастап кетті», – дейді әкімдік өкілдері.
Сонымен қатар, әкімдіктегілердің айтуынша, жердің ақшасы аудандық бюджетке түседі. Туристік кешен құрылысының жобасын Геннадий Головкиннің өзі сызған. Жер телімі де Геннадидің атына рәсімделген. Жоба Қарқаралы ауданын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру аясында іске асырылып жатыр.
«Үлкен көл» – өңірдегі ұлттық табиғи парктің әйгілі суқоймаларының бірі. Бұл жер туристер мен жергілікті тұрғындар үшін балық аулауға және шомылуға таптырмас орын. Көл туристік базадан 1,5 шақырым қашықтықта орналасқан. Оның ауданы 2,5 мың шаршы шақырымды алып жатыр, ал тереңдігі – 4,6 метрге дейін жетеді.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді