«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразды сүйемін, сағынып!

Таразды сүйемін, сағынып!
ашық дереккөз
Таразды сүйемін, сағынып!
[caption id="attachment_28227" align="alignleft" width="197"]Қайсар ӘЛІМ, Қазақстанның  еңбек  сіңірген  қайраткері. Қайсар ӘЛІМ,
Қазақстанның
еңбек
сіңірген
қайраткері.[/caption] Сүйе білмесең - несі өмір?! Сүйе білсең, әне, сонда - ақжарма тілек, аңсар көңіл! Сезімің ширығып, шарпылып, мың қатпар астарына үңіл! Өмірге сүлесоқ, селқос, енжар, ерініп, қаймығып қарайтындардан түңіл! Өмір мәні десек, безбеннің басын басар тағы сол ұлы да тәтті өмір! Несін бүгіп, жасырып қаласыз, шолақ ғұмырдың өзегін өртейтін де, сол бейкүнә һәм өкінішті өмір! Бәрібір, ыстық қанда, жүрек лүпілінде титімдей сүйе білетін қасиет – сезім болса, сенің өмірің бақытқа басталады… Сүйе білсең, келеңсіздіктің бәрі-бәрі өмірдің бойынан ысырылып тасталады… Туған Торғайым, сен өк­пелемеші, өзіңді сүйетін жүрекпен Таразды да сү­йіп қалдым! Осы жолы – Қазақ хандығының Таразда дүркіреп өткен 550 жылдық тойында! Туған жер аясынан атқақтап шығып, күллі елімді тар құшағыма сыйдырып, сүйе алатынымды сезінгенімде бақыттан басым айналған. Сүйе білетініме қуанғам. Сол үшін тәубе айтып, қанағаттан уанғам. Сүюге ынтыққан жүрекке шек жоқ екен, Тараз, сені сондай зор аңсармен сүйіп қалыппын! Сүйе білуді де үйренуге болады екен. Оны ұлы ұстаз ғана үйрете алады екен. «Қазақ хандығы» монументінің ашылу салта­натында Елбасының аузымен айтылған мына бір уытты да қуатты әуез баршаның санасын серпілтіп, сүйе білуге іңкәрлікті еселей түскені аңғарылды. Иә, иә, солай! Астананың күзгі суық желімен желпініп жеткен, біздер, шеке қыздырып, жауырын тұсты жылытқан, өн-бойымызды балқытқан оңтүстік күнінің аналық мейірімінен маужырай бастағанда, Елбасының салтанатты сөздері сұңқар дауысындай саңқылдап естіліп жатты. «Жамбыл облысы – менің ең жақсы көретін өңі­рім. Тарих туралы сөз бола қалса, көне Таразды айтпай кету мүмкін емес», – дегенде Елбасы, жиылған шаттықты жұрттың шапалақ тарсылы Тараз төбесінен Ұлы Дала аспанына ұласып кеткендей әсерге бөлендік. Сол сәтте Елбасының үлкен жүрегі Таразды ғана аймалап, сүйіп қоймай, барша Елін, ұлан-асыр Ұлы Даласын еміреніп жатқандай сезіндік. Ұлы жүректің сүйе білуі де ұлылық қасиетке тән екенін түсіндік. Бұған дейін де тәнтілікпен сүйгелі тұрғам тойлы да ойлы Таразды! Елбасы сөзі жүрегімде бүр жара бастаған сол сезім аптығымның тұмылдырығын ағытып жіберген еді… Сүйемін сені, Тараз! «Тойды тамашалап қана қойма, тағылымын да ал», – деп облыс басшысы ой тастағандай, осындай қос ләззатқа бөлегенің үшін де қарыздармыз саған, Тараз! Тойды да тойлаттың, ойды да ойлаттың, данышпан Тараз! Ұлы Дала төсінде 2013 жылдық тарихың таңбаланған, абыз Тараз! Қойнауыңа сыр ғып бүккен Қазақ хандығының 550 жылдық өшпес тарихын бүгінгіге аманаттап тұрған алып Тараз! Ұлы Дала төсіне ұлы тарихты оралтқан, ұлы жүректі Тараз! Мен сені осы мәрттігің үшін сүйем! Сүю!.. Жалындап, ынтығып… соңғы ауаны қарпығандай емініп, ентігіп сүю!.. Осы асқақ сезім әсерінен бүкіл той бойына жүрегімізді отансүйгіштік әуен әлдилеп, көңілімді ән билеп, шаһар көркіне тамсанып, бақыт балын татқандаймыз. Сен қандай бақыттысың, Тараз! Өзгеге бақыт сыйлағаныңмен! Қазақтың тарихын қазаққа қайтарғаныңмен. Керей мен Жәнібек хандардың арман-мүддесін бүгінгі ұрпаққа батыл да батырып айта алғаныңмен. Тәуелсіздікке қосып жатқан осы өлшеусіз үлесің үшін біз ғана емес, Тарих сүйеді сені, шежірелі Тараз! «Басқаның патшасының бәрі жақсы. Неліктен біздің хандар жаман болған?» – деп ашынған ақпа ақын Ғафу Қайырбековтің өкінішін кеш болса да басқаның үшін мың алғыс саған, ақылман да көреген Тараз! Көреген де көркем Тараз! Көрегендігің – тарихты аялай да бағалай білгенің! Көркемдігің – тотыдайын таранып, бұлбұл­дайын сайрай түскенің! Сүйемін сені сол үшін де! Көне де жас Тараз! «Көне Тараз» архео­логиялық паркі мен музейін қызық­тағанда көнелігіңе тамсандық, таңырқадық. Ал осы тойға дайындық барысында қалай-қалай жасарып, құлпырып кеткеніңе бүкіл Елің куә. Елбасы разылықпен қадап айтқандай, сенің мына көз тоймайтын сипатыңа барлық облыс маңдай терін төккені мәлім. Тіпті, шығыс­қазақстандықтар ұлы Абайды алшаң бастырып әкеліп ескерткіш-тұлғасымен төріңе оздырыпты-ау! …«Шерхан Мұртаза» кітап дүкенінен Біржан сал Қожағұлұлының шығарма­ларын алдым. Той тәбәрігі былайша жеткілікті болса да, осы салтанатқа келе алмаған Шерағам дүкенінің тәбәрігіне баладым… …Тарази мешітіне кіріп, хандардың рухына бағыштап дұға оқыдым. Қайсыбірін айтайық, тойың рухани мол тағылыммен өтті ғой, таңғажайып Таразым! Сені сағынып, сүйе беремін, сұлу Тараз! Жүрегі қазақ деп соғатын барша халқың да мәң­гілік сүйетініне кәміл сенемін! Сүйсін­діре, сүйдірте алған қандай жақсы! Тарих­шыл Тараз, тағылымды Тараз, тәуелсіз Тараз!.. Астана – Тараз – Астана. («Егемен Қазақстан», 13 қазан, 2015 жыл.)

Ұқсас жаңалықтар