Алматыда нан зауыты банкротқа ұшырап, 200-ге жуық адам жұмыссыз қалды
- author «Ақ жол»
- 14 қазан, 2015
- 690
Алматыда нан зауытының қызметкерлері жұмыссыз қалды. 200-ге жуық адам жақында кәсіпорынның банкрот болғанын естіген.
Mercur Нан” кәсіпорнының ондаған жұмысшысы жұмыстан қысқарғандарына наразылық танытты деп хабарлайды Азаттық Радиосы.
Олар басшылық кәсіпорынның 180-нен астам жұмысшысын ескертусіз босатты дейді.
“Егер зауыт жабылатынын бір ай бұрын ескерткенде, мен басқа жұмыс іздестіре беретін едім. Ал енді мені кім жұмысқа ала қояды? Менің балаларым да осы жерде жұмыс істейді. Енді қайттік?” – деген зауыт қызметкерінің назын 31 арна жеткізді.
Кәсіпорын басшысы нан бағасы шығынды ақтамағандықтан және мемлекеттен жеңілдік ала алмай тұрғандықтан банкротқа ұшырағандарын айтты.
Кәсіпорын жұмысшыларға қарыз 20 миллион теңгені қазан айының соңына дейін төлеп бермек.
Зауыт күнделікті 14 мың дана нан шығаратын. Енді зауыт тағдыры қалай болатыны белгісіз.
Сол арада Шымкенттегі әлеуметтік нанның бағасы 5 теңгеге қымбаттап, 40 теңге болды. Қала наубайханаларына бағасы көтерілген ұндар келіп түскен. 25 келі ұн 200 теңгеге қымбаттап, 2900 теңгеден сатылуда.
Қарағандыда да нан жартылай қымбаттап үлгерген. Құнды ұстап тұру шарасы ұн қымбаттағанда сәтті іске аспайтыны байқалып қалды.
Жаңа жылдан бастап Қазақстанда нан бағасы күрт өзгеруі мүмкін.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




