13 қазан күні KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 275,47 теңгеге тең болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сауданың жалпы көлемі 52,8 миллион доллардан асты. Оған валюта нарығының 21 мүшесі қатысты.
Айта кетейік, 9 қазанда Ұлттық банк кезекті рет интервенция жүргізді. Интервенцияның көлемі 78,1 миллион долларға тең болды.
Теңге бағамына қолдау көрсету туралы шешім 16 қыркүйекте қабылданған болатын. Ол кезде Ұлттық банк нарықта алыпсатарлықтың болып жатқанын хабарлады, сол күні доллардың бағамы 300 теңгеге жетті. Сол кезден бері шетелдік валютаның бағасы 270 теңгеге дейін төмендеді. Сарапшылар Ұлттық банктің ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуге жасап жатқан шараларының арқасында бұл баға әлі ұзақ сақталады деп болжады.
Еске сала кетейік, 7 қазанда Ұлттық банк басшысы Қайрат Келімбетов бүгінгі жағдайдағы теңгенің бағамын лайықты деп атады.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




