Үндістанның Мумбай қаласында 50 жастағы ер адам мәйітханада оянды, - деп хабарлайды BBC.
Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ер адам автобус аялдамасынан ес-түссіз күйінде табылған. Дәрігер тексергеннен кейін оның өлгенін айтып, мәйітханаға апаруды тапсырады.
Ер адам жеткізілген аурухананың қызметкері оның ішімдікті көп ішкенін, оның бетінде теріні жеп тастаған құрттардың таблғанын айтты. Болжам бойынша, ер адам бір орында 6-7 күндей жатып қалған.
Дәрігердің ер адамның тамырының соғуын, демі мен жүрек қағысын тексергені белгілі болды. Қазір аурухана басшылығы ер адамның толық тексерістен өткізілместен мәйітханаға жіберілу себебін анықтап жатыр. Ер адам қазір аурухананың жан сақтау бөлімінде.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




