Биологтар қартайтатын гендерді алып тастауды үйренді, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Басылымның мәліметінше, ғалымдар гендердің тобын анықтаған, егер оларды алып тастайтын болса өмірді күрт ұзартуға болады. Бұл зерттеудің нәтижесі 10 жылдан соң шықты және ол генетика саласындағы ең ірі прогресс болып отыр. Авторлар жұмыстарының нәтижесі туралы Cell Metabolism журналына жариялады, олармен Independent басылымының сайтында танысуға болады.
"Сиэтлдегі Вашингтон университеті мен Бак атындағы қартаюды зерттеу институтының (АҚШ) базасында құрылған халықаралық ұжым ашытқыдан (Saccharomyces cerevisiae түріндегі) 238 генді тапты, оларды алып тастау арқылы өмірді ұзартуға болады. Мамандар ашытқылардың 4698 штамын зерттеп, олардың әрқайсынан бір-бір геннен алып тастаған", - делінген жарияланымда.
Генетиктер ағзаның қартаюын баяулату жолдарын зерттеді. Зерттелген гендердің жартысына жуығы сүтқоректілерде, соның ішінде адамдарда бар болып шықты. Енді ғалымдар сол гендердің жұмысын тоқтататын дәрі-дәрмектерді ойлап тауып, адамдардың өмірін ұзартпақшы. Қазіргі таңда генетиктер 238 геннің өзгелермен арадағы байланысы мен сүтқоректілерге қандай маңызы бар екенін зерттеп жатыр. moreInfo: http://kaz.tengrinews.kz/science/galyimdar-adam-omrn-uzartudyin-jolyin-taptyi-265580/ copyRules
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




