Қырғыз түрмесінен экстремистердің қашуынан кейін Жамбыл облысында “Жедел ұстау” жоспары енгізілді
- author «Ақ жол»
- 13 қазан, 2015
- 812
Қырғызстанда 2015 жылдың 12 қазанына қараған түні Шу облысында түзету мекемесінен тоғыз экстремистің қашып кетуіне байланысты Жамбыл облысында “Жедел ұстау” жоспары жарияланды, деп хабарлайды өңірдегі ІІД баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта Қырғызстанның тиісті органдарымен бірлескен түрде жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. “Жедел ұстау” жоспары жарияланды. Осы оқиғаға байланысты Жамбыл облысының ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қашқын қылмыскерлердің біздің территориямызға кірунің жолын кесуге бағытталған”, — делінген таралған хабарламада.
Сонымен қатар, полицейлер азаматтық қоғамды қырағы болуға шақырып отыр. Тәртіп сақшылары іздестіріліп жатқан тұлғаларға қатысты қандай да бір мәліметі барлардан “102” телефонына хабарлауды сұрайды.
Осыған дейін Қазақстан шекарасының күзеті Қырғызстандағы колониядан 9 экстремистің қашуынан кейін күшейтілгені хабарланған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




