Қытай Қазақстан армиясына ақысыз негізде техника береді
- author «Ақ жол»
- 12 қазан, 2015
- 577
Қытай қазақстандық армияға ақысыз негізде техника береді, деп хабарлады Қазақстанның қорғаныс министрлігі.
Ведемствоның мәліметінше, дүйсенбіде Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы Иманғали Тасмагамбетов пен ҚХР Қорғаныс министрі генерал-полковник Чан Ваньцюаньнің кездесуі өтті.
“Бүгінгі кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштеріне ақысыз негізде техникалық көмек көрсету туралы Қазақстан және Қытай арасындағы келісімге қол қойылды. Келісім тралдары бар ершікті тартқыштар мен тиеу-азайту тұғырын беруді көздейді”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов қытай өкілдерін Астана қаласында 2016 жылдың маусымында өтетін «КАДЕКС-2016» әскери техника мен қару-жарақтың халықаралық көрмесіне қатысуға шақырды.
«Қытай қорғаныс өнеркәсібі кешенінің экспозициясы жоғары деңгейде ұсынылады деп үміттенемін. Бұл біздің әскери-техникалық ынтымақтастығымызға қосымша серпін береді», — деді қорғаныс ведомствосының басшысы.
Жақын арада Қытай мен Қазақстанның аумағында бірлескен роталық-тактикалық лаңкестікке қарсы оқу-жаттығуының өтуі жоспарлануда. Одан басқа, екі елдің өзара іс-қимылында әскери білім беру саласы маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда қазақстандық әскери қызметшілер Қытайдың ұлт-азаттық армиясының әскери жоғары оқу орындарында білім алуда.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




