Салидат Қайырбекова Денсаулық сақтау вице-министрі қызметінен кетті
- author «Ақ жол»
- 12 қазан, 2015
- 743
Салидат Қайырбекова Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды.
Бұл туралы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
Қазақстан үкіметінің қаулысымен 2015 жылдың 9 қазанынан бастап Қайырбекова Салидат Зекенқызы өзге қызметке ауысуына байланысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметінен босатылды”, – делінген баспасөз хабарламасында.
Еске салсақ, 2010 жылдың қазанынан 2014 жылдың тамызына дейін Салидат Қайырбекова Денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі қызметіне 2014 жылдың тамызынан бастап кіріскен.
Салидат Қайырбекова 1961 жылы Қарағанды облысында дүниеге келіп, Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын “Емдік іс” мамандығы бойынша тәмамдаған.
2008 жылдың желтоқасынан 2010 жылдың сәуіріне дейін Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет көрсету саласын бақылау комитетінің төрайымы, медициналық қызметтерді төлеу комитетінің төрайымы қызметтерін атқарған.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




