Бұл көрсеткіш алдағы төрт жылдың ішінде үш есеге артуы мүмкін. Бірақ ол үшін отандық автоөндіріске қолайлы жағдай туғызып, кәсіпорындарды бір жерге шоғырландыру керек.
Астанада ұйымдастырылған отандық машина жасаушылар форумының негізгі түйіні осындай. Жиында 600-ге тарта электротехника саласының өкілдері бірқатар өзекті мәселені талқыға салды. Солардың ішінде тау-кен теміржол салаларына машина жасау, мұнай өндірісі мен өңдеу ісіне арналған электроқондырғыларды шығару сынды бағыттарға басымдық берілді. Дегенмен елімізге әкелінген көліктердің біршама бөлігі импорттың үлесінде. Ал өңдеу өнеркәсібінің 4%-ы отандық машина жасаушыларға тиесілі. Сондықтан өндіріс пен сұраныс қажеттілігін жан-жақты қолдаймыз дейді тиісті сала мамандары.
Андрей Лаврентьев, Қазақстан автобизнес қауымдастығының төрағасы: - Қостанай облысында қытайлық брендке ие көлік құрастыру жобасы бар. Ол жобаның нұсқасы 2016 жылы аяқталуы тиіс. Біз сол арқылы жаңа деңгейге көтерілуді жоспарлап отырмыз. Негізгі бағытымыз – Еуразиялық экономикалық одаққа Қазақстанда құрастырылған автокөліктер саудасын арттыру.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




