«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда жұрт шошқа фермасын дереу жабуды талап етті

Таразда жұрт шошқа фермасын дереу жабуды талап етті
ашық дереккөз
Таразда жұрт шошқа фермасын дереу жабуды талап етті

pogudx1abtenrf2jho.302bd42aТаразда бір топ тұрғын ең сасық жерде тұрып жатқандарын айтып шағымданды. Мұқым елді жағымсыз иіске тұншықтырған екі бірдей шошқа фермасы екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Мұндағы санитарлық талаптың өрескел бұзылғанын айтқан бұқара доңыз өсіретін қора-қопсыны қашыққа көшіруді талап етіп отыр. Алайда шаруа иесі тұрғындардың тілегін орындауға құлықсыз.

Тұрғындар бір емес, екі бірдей шошқа фермасының басшысымен 8 жылдан бері қырық пышақ. Айтуларынша, доңыздардың нәжісі мына шұңқырға төгілгенімен, ол жерді мүлдем тазартпайтын көрінеді. Бірінің үстіне бірі жиналған тезектің иісінен тыныс алу тіптен мүмкін емес.

“Балалардың денелерін жара басып кетті. Фазендалар шошқа бағады ма, сиыр бағады ма, әрбір фазенда халық отыратын жерден бес шақырым әріде болу керек дейді. Ал оны айтсақ түсінбейді, көшпейді”, – дейді Тараз қаласының тұрғыны Қойсын Палжерова.

Ал бір қорада 150 шошқа баққан кәсіпкер жұрттың нарызылығына пысқырған да жоқ. Айтуынша, көрші-қолаңдары оның байлығын көре алмай, шу шығарған. Санитарлық талаптың бұзылғаны да бекер деп бет бақтырар емес. Осылай деп бұлқан-талқан болған ол ақыры тәубесіне түсті.

“Өз мәселемді өзім шешемін. Бір аптаның ішінде бұл жердің бәрін ретке келтіремін. Төңіректі қазірдің өзінде жинастырып жатырмын. Ал жағымсыз иіс тек менің фермамнан шығып жатқан жоқ. Мына көршілердің өздері мал ұстайды, соның иістері тарап жатқан”, – дейді кәсіпкер Владимир Елюков.

Ауыл ішіндегі ферма жұрттың жүйкесін жұқартып біткен. Кәсіпкердің енді қора-қопсының төңірегін таза ұстаймын дегеніне бұқараның сенгісі жоқ. Сондықтан қос шошқа фермасын қашыққа көшіруді сұрап отыр. Алайда қарашаның талап-тілегі жуық арада орындалмайтын тәрізді.

Ұқсас жаңалықтар