Нұрсұлтан Назарбаев Обамамен не туралы сөйлескені жайында айтты. Ақорда мен Ақ үйдің қожайындары Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының жиыны барысында емен-жарқын әңгімелесті деп хабарлайды КТК арнасы.
Тығыз жұмыс кестелеріне қарамастан кездесуге уақыт тапқан Назарбаев пен Обама екі елдің арасындағы қарым-қатынасты талқылаған. Оған жоғары баға берген елбасы Америка президентіне жеке өзі бастап Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қолдау көрсеткені үшін алғысын айтты.
Ал бірнеше күн бойы Біріккен Ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясында бастамалар көтерген елбасы сапарының соңында Обамамен не туралы сөйлескенін отандық тілшілерге айтып берді.
“Обама мырза, Украина мен Сирияға қатысты Ресей президентімен сөйлескендерін айтты. Ал менің 7 жыл бойы Америка басшысымен жұмысым нәтижелі болды. Елде 500 АҚШ кәсіпорны бар, құйылған инвестиция көлемі 30 миллиард доллар. Біз Американың тәуелсіздігімізді қолдап, экономикалық тұрғыда әрі қарай демей бергенін қалаймыз”, – дейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




