«ҚазМұнайГаз» ҰҚ» АҚ компаниясының Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев өндіру жұмыстары қымбаттап жатқандықтан мұнай бағасының жоғарылауы ықтимал екендігін мәлім етті.
«Арзан мұнай дәуірі өтіп кеткендігі түсінікті, шығын деңгейі бір күні бағаның өсуіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұнай бағасы сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдікке келу барысында әлі жоғарылайтыны анық. Бірақ ол қашан келетіні басқа мәселе, біздіңше, төмен бағалар жағдайынан тез шыға қоюымыз жақын арада болмайды. Осы болжамдарды негізге ала отырып, біз өзіміздің ортамерзімді жоспарларымызды, инвестициялық бағдарламамызды жасаудамыз», - деді ол бүгін KAZENERGY Еуразиялық форумында.
Оның хабарлауынша, «ҚазМұнайГаз» биыл инвестициялар көлемін 130 млрд. теңгеге қысқартты.
«Біз үшін бұл - өте үлкен сома. Әзірге біз өндіру көлемін азайтқан жоқпыз. Біз оған қалай қол жеткізе алдық, алдымен шығындарымызды тиімді басқаруды оңтайландырғанымыз түсінікті, соған қарамастан, тиімділігімізді, ұзақмерзімді жоспарларымызды да сақтап қалдық. Бұл біздің қолымыздан келді», - деп атап өтті С.Мыңбаев.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




