Денсаулық
Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Ресейді басып озды
- author «Ақ жол»
- 30 қыркүйек, 2015
- 836
Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингісінде Ресейді басып озды
Қазақстан 2015-2016 жылдарға арналған әлемдік бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 42 орын алды. Дүниежүзілік экономикалық форум дайындаған рейтингте жеті балдық есептеу бойынша Қазақстанның көрсеткіші 4,4-тен 4,5-ке көтерілген.
Рейтингте биыл жетінші жыл қатарынан Швейцария бірінші орында тұр. Екінші орында Сингапур, үшінші орында АҚШ тұр.
Германия бесінші орыннан төртінші орынға көтерілген. Алғашқы ондыққа Жапония, Гонконг, Финляндия, Швеция мен Ұлыбритания енген.
ТМД елдері арасында Әзербайжан 40-орында, Ресей 45-орында тұр. Өткен жылы Ресей рейтингте 53-орында болған.
140 мемлекетке талдау жасаған рейтингте Грузия 66, Украина 79, Тәжікстан 80, Армения 82, Молдова 84, Қырғызстан 102 орында тұр.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




