Қазақстанда шығарылған локомотивтерге Молдова мен Украина қызығушылық танытып отыр
- author «Ақ жол»
- 29 қыркүйек, 2015
- 664
Қазақстанда шығарылған локомотивтерге Молдова мен Украина қызығушылық танытты. Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА-ның ресми сауалына «Қазақстан темір жолы» компаниясынан хабарланды.
ҚТЖ мәліметіне қарағанда, бүгінде жүк тепловоздарымен ішкі нарықтағы қажеттілік толығымен қамтамасыз етілген. Негізгі тапсырушы «Локомотив» АҚ болып табылады. 2010 жылы бұл компанияға 275 жүк тепловозы сатылса, 2019 жылдың соңына дейін 110 жолаушылар тепловоздарын өткізу туралы келісімшартқа қол қойылды.
«Өндіріс іске қосылғалы 12 тепловоз Қырғызстан, Украина, Тәжікстан және Түркіменстан секілді елдерге экспортталды. Биыл қаржы лизингі кестесі бойынша 10 тепловозды Әзербайжанға сату бойынша келісімшарт бекітілді. Қазіргі кезде локомотивтерді алуға Молдова, Украина, Тәжікстан және «Теңізшевройл» компаниясы қызығушылық танытуда»,-деп хабарлады ҚТЖ.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




