Аудан прокуратурасына жеке қабылдауға жазылған екінші топтағы мүгедек А. Құлмаханованың арызын тексеру барысында, оның туабітті мүгедек екі баласымен бірге 2008 жылдан бері тұрғын үй алу кезегінде тұрғаны анықталды. Ал 2014 жылы олардың пәтер алуға кезегі келген уақытта комиссия шешімімен кезектен шығып қалған. Оған А. Құлмаханованың 2008 жылы үй алу үшін мемлекеттен 1 022 000 теңге қаражат алғаны туралы ақпарат негіз деп табылған. Аудан прокуратурасының тексерісі кезінде 2008 жылы А. есімді азаматтың А. Құлмаханованың жағдайын пайдаланып, банктен аталған соманы алғаны анықталды. Соның кесірінен мүгедек әйел балаларымен бірге үй алу құқығынан айырылған. Аудан прокуратурасы қылмыстық істі сотқа жолдап, Тараз қалалық сотының үкімімен А.-ға қатысты айыптау үкімі шығарылды. Ал прокурорлық ықпал ету актісінің негізінде А. Құлмахановаға Қаратау қаласынан пәтер берілді.
Жандос Бердіқұлов,
Талас ауданының прокуроры, әділет кеңесшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




