Аудандық орталық кітапханасында кітапхана қызметкерлері «Біз – Ұлы Дала ұрпақтарымыз» деген тақырыпта танымдық жиын өткізді. Кітапхана жүйесінің директоры С. Өмірбекова Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан шараларға тоқталды. Оның айтуынша, аудандық орталық кітапханада «Қазақ хандығының 550 жылдығы – мерейлі мереке», Бурыл ауылдық кітапханасында «Қазақ хандығының құрылуы – ел тұтастығының кепілі» деген тақырыптарында кітап көрмесі ұйымдастырылған. «Тарих – халықтың бүгіні мен болашағы» атты танымдық жиын Байзақ ауылдық кітапханасында, «Ел үшін елеулі жыл» атты шара Мырзатай ауылдық кітапханасында кеңінен аталып өтілді. Сондай-ақ Сазтерек ауылдық клубында кітапханашы А.Абдрасилованың ұйытқы болуымен «Ел көркеюінің күретамыры – Қазақ хандығы» атты әдеби-сазды кеште Елбасының «Мәңгілік Ел», «Ұлы Дала» идеялары төңірегінде пікір алмасты.
Гүлшаһар Әбдіқұлова, журналист.
Байзақ ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Қазір қолдағы телефонға да қуат керек заман - Қадырбеков
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді