«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер

Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер
ашық дереккөз
Зейнетақы жүйесіндегі өзгерістер

photo_71251Биылғы тамыз айында Елбасымыз еліміздегі зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасының негізгі бағыттарын жүзеге асыру мақсатында әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған Заңға сәйкес базалық зейнетақы төлемін тағайындау тәртібі өзгертілмек. Ендігі жерде мемлекеттік базалық зейнетақы төлеміне 2017 жылғы 1 шілдеге дейін Орталықтан зейнетақы төлемдері және еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерi тағайындалған азаматтардың, зейнетақы жасына (58-63/63) жеткен ай сайын алатын өмірлікке қамтылған отставкадағы соттарды қоспағанда, әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiнің, сондай-ақ, арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған азаматтардың құқы болады. Бұл ретте, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне ынтымақты жүйесінде (1998 жылғы 1 қаңтарына дейінгі) еңбек еткен өтілі, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезең қосылады. Бұдан басқа қатысулар, атап айтқанда, жұмыс iстемейтiн ананың немесе жұмыс істемейтін әкенің (нақты күтім жасаған кезде) жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi, 16 жасқа дейiнгi мүгедек-балаға күтiм жасаған уақыттары, әскери қызмет кезеңі, арнаулы мемлекеттiк және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметшілерінің арнаулы атақтар, сыныптық шендер берiлген қызметкерлерiне, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған, жұмыстан босатылған күнге еңбек сiңiрген жылдары үшiн зейнетақы төлемдерiн тағайындауға құқығы болмаған, Қазақстан Республикасы дипломатия қызметі мен халықаралық ұйымдардың қызметкерлерi зайыбының (жұбайының) шетелде тұрған, бiрақ жалпы жиынтығы 10 жылдан аспайтын, әскери қызметшілердің жұбайларымен тұрған (мерзімді әскери қызметшілерді қоспағанда), арнаулы мемлекеттiк орган қызметкерi зайыбының (жұбайының) мамандығы бойынша жұмысқа орналасу мүмкiндiгi болмаған жерлерде оның қызметкермен бiрге тұрған, бiрақ 10 жылдан аспайтын кезеңдері еңбек өтіліне қосылатын болады. Егер азаматтың еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе еңбек өтілі мүлде болмаса онда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызын құрайды. Базалық зейнетақының мөлшері 10 жылдан артық әрбір жыл үшін 2 пайызға ұлғайтылады және қатысу өтілі 35 жыл және одан көп болған жағдайда ол ең төмен күнкөріс деңгейінің 100 пайызын, өтілі 20 жыл болса, 70 пайызын, ал 30 жыл болса – 90 пайызын құрайды. Бұл өзгерістер бір жағынан, еңбек өтілі көп болғанымен, табыстары туралы мәліметтердің болмауы себепті төмен мөлшерде зейнетақы алатын зейнеткерлерге қатысты әлеуметтік әділдік орнатуға, екінші жағынан, бүгінгі және болашақ қызметкерлер буынын еңбек қатынастарын заңдастыруды ынталандыру үшін мүмкіндік береді. Аталған норманы іске асыру үшін 2017 жылғы 1 шілдеден бастап қазіргі зейнеткерлердің зейнетақы істеріндегі құжаттардың негізінде базалық зейнетақы механизмі өзгертіледі.

Райхан НАЗАРОВА, еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті облыстық департаменті зейнетақымен қамсыздандыру бөлімінің басшысы.

Ұқсас жаңалықтар