“Қазгидромет” РМК ақпаратына сәйкес, күздің алғашқы айы аяқталуда, бірақ жазғы жылу Қазақстанның кейбір аудандарында сақталып тұр. Қазіргі таңда республиканың батыс өңірінде ауа температурасы +26-30 градусты көрсетуде деп хабарлайды AlmatyNews.
Синоптиктердің болжамынша, батыста жылы ауа райы алдағы үш күн бойы сақталады. Ал шығыстағы таулы аудандарда түнде жауын-шашынды, кей бөліктерде тұман түседі деп күтілуде. Сынап бағанасы 3-8º көрсетеді.
29 қыркүйек күні Алматыда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Түнде сынап бағанасы +2-4 градусты, ал күндіз +11-13 градусты көрсетеді. Сәрсенбі, 30 қыркүйекте ауа температурасы +20 градусқа дейін, ал бейсенбіде +21 градусқа дейін көтеріледі.
Intellicast.com ақпаратына сүйенсек, жұма күні Алматыда +25, түнде +9 градус жылы болады.
Сенбі күні күндіз +26 градус, ал түнде +11 градус жылыны көрсетеді.
Ал жексенбі күні ауа райы қайта суыта бастайды: күндіз +24 градус болса, түнде +9 градус нөлден жоғары.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді