Ана мен баланы қорғау – өзекті мәселе. Өйткені, халық санының өсуі аналардың өмірге дені сау сәби әкелуімен байланысты. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа арнаған Жолдауларында ана мен бала денсаулығын қорғауға баса мән берілетіні де сондықтан.
Мамандар сөзіне сүйенсек, біздің өңірімізде балалар жәрдемақысын тағайындауда азық-түлік себетінің төменгі мөлшері 10 мың 405 теңге көлемінде есептеледі екен. Соған қарай жәрдемақы тағайындалатын көрінеді. 21 мың отбасы, яғни, 66 мың балаға 840 миллион 200 мың теңге жәрдемақы төленген. 13 мың отбасына 207 миллион теңгенің тұрғын үй көмегі, қиын жағдайға тап болған он екі мың азаматқа 257 миллион 500 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Сайлауалды тұғырнаманы іске асыру жөніндегі аймақтық жоспардың «Әйелдерді қолдау» бағыты бойынша өткен сарапшы топ отырысында айтылды. Жиынға облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мүгедектер және ардагерлермен жұмыс жасау бөлімінің басшысы А.Утелина, облыстық перинаталдық орталықтың бас дәрігері Г.Байзатова мен балалық шақтағы ауруларды ықпалдастырып жүргізу бағдарламасының бас үйлестірушісі, ұлттық тренер А.Шамилұлы қатысып, баяндама жасады. «Жан Дауа» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Д.Ахметова, «Болашақ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ғ.Қалиева, «Асыл бала» республикалық қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының директоры Ә.Қайназарова ана мен бала денсаулығын сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты өзіндік пікірлерін ортаға салды. Жалпы, партияның «Әйелдерді қолдау» бағыты бойынша сарапшы тобына облыстық «Іскер әйелдер» қауымдастығының төрайымы, «Мейірім» медициналық орталығының директоры Г.Нұрымова жетекшілік ететінін ескерсек, атқарылған жұмыстарға сыни көзқарас қалыптасатыны белгілі. Сарапшы топ мүшелерінің айтқан сын-ескертпелері – ақ халаттылардың пациент алдында мәдениетті болуы, жүкті әйелге жылы қабақпен қарауы, келушілердің дәрігерге қызметі үшін ақша ұсынып, қылмысқа итермелемеуі, денсаулық басқармасының жергілікті БАҚ өкілдерімен байланыс орнатып, қоғамдық ұйымдармен бірлесе медицина саласын насихаттау төңірегінде болды.
Нұрым Сырғабаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді