Тараз қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы ішкі істер министрліктерінің шекаралық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен кеңесі өтті. Кеңес жұмысына Қазақстанның Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов, Қырғызстан Ішкі істер министрі Мелис Турганбаев, облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев, министрліктің орталық аппараты құрылымдық бөлініс басшылары, сонымен қатар екі мемлекеттің шекаралық облыстары мен аудандардың ішкі істер органдарының басшылары қатысты. Басқосуда Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына байланысты туындайтын жаңа жағдайларда Ішкі істер министрліктерінің ынтымақтастық мәселелері мен перспективалары талқыланды. Облыс әкімі К. Көкірекбаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне тоқталып, шекара аумағындағы проблемаларды тілге тиек етті. Кеңес барысында министрліктердің орталық аппарат қызметтерінің екі жақты тікелей байланысқа шығу тәжірибесін енгізуге және шекаралық ішкі істер органдары басшыларының жұмыс кездесуін тұрақты өткізуге келісім жасалды. Алдағы уақытта трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа, экстремистік және террористік сипаттағы қылмыстарға, есірткі бизнесіне және есірткі трафигіне, мал ұрлығына, криминалдық көлік бизнесіне, сонымен қатар адам саудасы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрес саласында бірлескен кешенді шаралар жүргізілетіні айтылды.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді