Барша мұсылман баласына ортақ ұлық мейрам Құрбан айттың алғашқы күнін қарсы алу үшін жамбылдық жұртшылық таңертеңмен мешіттерге ағылды,-деп жазады khabar.kz.
Әсіресе Тараздағы облыстық Орталық мешітте жиылған жамағаттың қарасы қалың болды. Көпшілік намазға жығылып: «Еліміздің береке-бірлігі артып, бейбітшілігі баянды болсын», – деп тілек тіледі. Одан соң құрбан шалып, көмекке зәру жандарға жанашырлық танытып амал етті. Ол үшін мешітке арнайы алып келіп шалынған малдың еті тұрмысы төмен, мұқтаж жандарға таратылды. Әнуарбек Мүсәпіров, Тараз қаласының тұрғыны -Тілек білдіріп, еліміздің тілегін ойлап келдік. Еліміз, жұртымыз аман болсын деп. Қазақстанымыз өсіп, Алла тағала нәсіп етіп, қолдап жүрсін дейміз. Аллаға бәріміз ризығымызды көрсетіп, сол ниетпен келіп отырмыз.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




