«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Көшербаев Қазақстанның теңгеден бас тартып, ортақ валюта енгізбейтінін айтты

Көшербаев Қазақстанның теңгеден бас тартып, ортақ валюта енгізбейтінін айтты
ашық дереккөз
Көшербаев Қазақстанның теңгеден бас тартып, ортақ валюта енгізбейтінін айтты

pogudx7eli7sh3mql.fe9d3116Қырымбек Көшербаев Қорқыт ата атындағы    ҚМУ  студенттеріне «Халықаралық волюта жүйесінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында дәріс оқыды.

Айта кетейік, аймақ басшысы студенттерге дәріс оқуды дәстүрлі түрде өткізіп келеді.

Бұл жолғы тақырып та өзекті. Әлемдегі орын алып жатқан оқиғаларды сараптап, өз елімізбен және өңірімізбен байланыстырды. Жалпы, халықаралық валютаның экономикаға әсеріне кеңінен тоқталды.

“Әлемдік валюта жүйесінің қазіргі жағдайы мен оның болашағы дүние жүзінде ең қызу талқыланып жатқан мәселелердің бірі. Көп мамандардың пікірінше, алдағы уақытта валюта жүйесі түбегейлі түрде өзгеруі мүмкін. Басты қағидалары мен ережелері XX ғасырдың ортасында қалыптасқан және АҚШ долларына негізделген қазіргі әлемдік валюта жүйесі осы күнгі әлем экономикасындағы күштердің арасалмағын ескермейді”, – деді Көшербаев.

Тәуелсіздікті бәрінен де биік қоятын біз үшін төл теңгеден бас тарту мүмкін емес қадам.

Саяси ғылымдарының докторы студенттерге түсінікті болуы үшін әлемдік ақша дегеніміз не, резервтік валюталардың тарихы деген секілді мәселелерге кеңінен тоқталды.

“Өздеріңіз жақсы білетіндей, біздің аймақта да көрші мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты күшейтіп, тегеуіріні мықты ортақ валюта шығару туралы ұсыныстар айтылып жүр. Мәселен, Евразиялық Экономикалық одақ шеңберінде “Алтын” атты ортақ ақша енгізу идеясы мамандар ортасы мен ақпарат құралдарында талқыланып жүр. Алайда, тәуелсіздікті бәрінен де биік қоятын біз үшін төл теңгеден бас тарту мүмкін емес қадам. Сонымен бірге, экономикалары мұнайдың бағасына тәуелді басқа Евразиялық одақ елдерінің де қазіргідей тұрақсыз жағдайда мұндай бастамаға баруын елестету қиын­-ақ”, – деді аймақ басшысы.

Әлем экономикасының тарихына көз салсақ, құлдырау, өрлеу болып отырған. Сондықтан бұл қиыншылық та өтпелі кезең.

“Тәуелсіздіктің бастауында Қазақстанның қысқа уақытта осындай жетістіктерге жетуі, Астананың қазіргідей қалаға айналуы бізге мүмкін емес болып көрінген. Теңгенің де әлемдік валюталар қатарынан орын алуы қазір мүмкін емес болып көрінеді. Бірақ, арманы асқақ, мұраты биік елдер ғана алға басады. Сол армандарымызды ақиқатқа айналдырар азаматтардың осы залда отырғанына мен сенемін”, – деді облыс әкімі.

Басқосуда студенттер өздерін толғандырған сауалдарға тұщымды жауап алды.

Ұқсас жаңалықтар