NUR.KZ порталының меншікті тілшісі Меккедегі қайғылы оқиға орнынан байланысқа шықты
- author «Ақ жол»
- 25 қыркүйек, 2015
- 280
NUR.KZ порталының Меккедегі тілшісі кешегі қайғылы оқиғадан соң байланысқа шығып, оқиға орнындағы жағдаймен таныстырды. Қаза тапқандар мен жарақат алғандар қатарында Қазақстан азаматтары жоқ.
Қазіргі сәтте Меккеде жүрген тілшіміздің хабарлауынша, оқиға 204-ші көшеде болған. Ал Қазақстаннан аттанған қажылық сапарын өтеушілер Джаамаратқа басқа бағытпен бет алған. Мина жазығындағы қалашық екі секторға бөлінген. Қайғылы оқиға орын алған сектор Парсы шығанағынан келген қажыларға арналыпты.
«Біз миллиондаған мұсылмандармен бірге Мұздалифа жазығында (ресми дерек бойынша, Мұздалифа жазығына 3 млн мұсылман келген. Алайда, 1-2 млн мұсылман жазықтың шекарасынан тіркеусіз өтіп кетеді) түнеген соң, Мина жазығына бет алдық. Кейін біздің тобымыз Джаамаратқа бағыт түзеді. Қазақстандықтардың көп бөлігі палатка тігілген қалашықта қалып қойды. Біз жолда туннель арқылы өттік. Сондықтан, бәрі ретімен, ешқандай қысымыз болды. Қажылар тек бір бағытпен жүруі үшін барлық жолдар екіге бөлінген. Қазақстаннан аттанған қажылар арасында бүгін тек бір ғана қайғылы жағдай тіркелді. Бүгін 1937 жылы туған кейуана қайтыс болды. Ол денсаулығы нашарлаған соң, дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда, оны құтқару мүмкін болмады. Әзірге, қария қазасының себептері айтылған жоқ. Қажылықта жүрген ҚМДБ дәрігерлері ондаған адамға дереу көмек көрсетуде. Қажылар қан қысымының жоғарылуы, әлсіздік, естен тану, суық тию және қатты күн өту кезінде дәрігерге жүгінуде», – деп хабарлайды біздің Меккедегі арнайы тілшіміз.
Қажылыққа аттанғандар арасында қарт адамдардың өлімі бірінші рет кездесіп отырған жоқ. Қажылық парызды өтеу үшін мықты денсаулық пен шыдам керек. Әрбір намаз кезінде жаназа намазы да оқылады.
Кеше Қазақстан Сыртқы істер министрлігі алдын-ала болжам бойынша, қаза тапқандар арасында қазақстандықтар жоқ деп хабарлаған болатын.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді