Жамбыл облысының фермерлері Алматыға 260 тонна өнім әкелді
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2015
- 645
Алматыдағы «Астана» алаңында қасиетті Құрбан айт мейрамы алдында ауыл шаруышылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жамбыл облысының тауар өндірушілері мегаполиске әкелген азық-түліктің бағасы 15-20%-ға төмен,-деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Осы жылдың көктемінде бізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін кеңейту фестивалі басталды, оған барлық өңірлер қатысуда. Бүгін қала тұрғындары Жамбыл облысының өнімдерін сатып алуда», - дейді Алматы қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Рахметов.
Жәрмеңкеге 115 млн теңгенің 260 тонна өнімі әкелінді. Соның ішінде 40 тонна ет, 15 тонна сүт өнімі, 170 тонна көкөніс-бақша дақылдары бар.
«Тағы бірнеше жәрмеңке өткізу жоспарда бар. Астана алаңында Алматы облысының фермерлері өнімдерін әкеп сатса, қазан айында Шығыс Қазақстанның азық-түлік керуенін қарсы аламыз», - деп толықтырды Мақсат Рахметов.
Ұқсас жаңалықтар
Жақсы дәрігер атану – қиынның қиыны
- 19 ақпан, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




