«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Таразда 30-ға жуық көппәтерлі ескі үй жөндеуден өтті

Таразда 30-ға жуық көппәтерлі ескі үй жөндеуден өтті
ашық дереккөз
Таразда 30-ға жуық көппәтерлі ескі үй жөндеуден өтті

1442994844_11Келе жатқан жылу маусымына орай Таразда 30-ға жуық көппәтерлі ескі үй жөндеуден өтті. Бұл қадам «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асып отыр,-деп жазады khabar.kz Ол үшін қазынадан 715 миллион теңге бөлінді. Бұл ақшаға шатырлар қайта жабылып, жертөлелер тазарды және бүкіл инженерлік жүйелер толық ауыстырылды. Галина Бажина, қала тұрғыны  -Біздің үй қазір тек қаладағы емес, бүкіл облыстағы ең мықтыларының бірі. Бағдарлама бойынша толық жөндеп алдық.  7-ші шағын аудандағы бұл үйдің тұрғындары қазір келген қонақтарына үйлерін көрсетіп қуанады. Бұрын жертөле белден су болатын, қазір жылтырап тұр. Тұрғызылғанына 40 жыл болған ғимарат танымастай өзгерген.  Үйдің шатыры жөнделіп, осыған дейін жауын жауса төбелерінен су ағып, мазасы кететін тұрғындардың қазір ұйқысы тыныш. Ғимараттың электржүйесі де ретке келтірілді.  9-шы шағын аудандағы мына бесқабатты үй де қысты қиындықсыз өткізуге тас түйін дайын. Бастысы – жылу жүйелері түгелдей жаңартылды.  Рашида Петрова, қала тұрғыны  -Шатыр қайта жабылды, подьездіміз жаңарды, темір есік қойдық, домофон, бәрі жаңа, біз сондай ризамыз, енді күн суықта қиналмайтын болдық.   Жылу беру маусымы басталысымен, шаһардағы біраз үйлерде қиындықтар туындайтын. Мемлекеттік бағдарламаның көмегімен мұндай үйлердің қатары барған сайын азайып келеді.  Есенгелді Бейсенбеков, қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы -Келесі жылға біз бағдарламаға сәйкес 51 үйге 1 миллиард 46 миллион теңгеге өтініш тапсырғанбыз жоғары өкілетті органға. Бөлінген қаржыға сәйкес жұмысты жалғастыра беретін боламыз. Айта кету керек, қалада соңғы үш жылда «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасымен 109 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Қалған жұмыстар алдағы жылдардың еншісінде.

Ұқсас жаңалықтар