ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов 25 мың теңгеге костюм сатып алды (фото)
- author «Ақ жол»
- 23 қыркүйек, 2015
- 727
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірге қарасты аудан-қалалардың тынысымен танысу жұмыстарын жалғастыруда.
Өңір басшысы бүгін Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында орналасқан «GOLDEN NOMAD» ерлер костюмін тігетін тігін фабрикасында болып, өзіне жоғары сапалы «Қазақстанда жасалған» маркасымен тігілген костюм сатып алды. Құны – 25 мың теңге.
Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Рауан Есқали «инстаграм» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жазды.
Айта кетейік, аталған фабрика өз жұмысын 2014 жылдың наурыз айында бастаған. Қазіргі таңда 108 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Кәсіпорынның жылына 26 400 дана костюм, 52 800 дана шалбар тігуге мүмкіндігі бар.
Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап кәсіпорын өңірдегі бірқатар өндіріс орындары мен банк қызметкерлерінің арнайы киімдерін тігумен айналысып келеді. Бүгінде тек қана ерлерге арналған киім тігетін фабрикада қараша айынан бастап әйелдер киімі де тігілмек.
«GOLDEN NOMAD» – Қазақстандағы ерлер костюмін тігетін жалғыз тігін фабрикасы.
Ұқсас жаңалықтар
Қызылшамен сырқаттану деңгейі 1,4 есеге азайды
- 20 қаңтар, 2026
Халықтың саулығы бәрінен маңызды
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




