Сарапшылар қазақтың ұлттық тағамдарының денсаулыққа зиян екенін айтты
- author «Ақ жол»
- 22 қыркүйек, 2015
- 265
Сарапшылардың ойынша, қазақтың ұлттық тағамдары денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіреді.
Бұл туралы артық салмақтан арылу мәселесіне қатысты өткен баспасөз конференциясында медицина ғылымдарының докторы, медициналық пәндер бойынша Литва университетінің профессоры Алмантас Маляцкас мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат.
«Фаст-фудты ғана емес, ұлттық тағамдарды да қанша рет жейтіндерін ескеру керек. Сіздердің тағамдарыңыз айтарлықтай майлы. Салауатты өмір салты мен денсаулыққа пайдалы тағамдар туралы айту керек. Фаст-фуд адамның күнделікті тамақтану үдерісінде болмағанына және майлы тағамдарды азырақ тұтынғанына назар аударту керек. Ең бастысы – физикалық белсенділік. Адамдар спортқа ден қойып, артық салмақпен күресулері тиіс», – дейді Алмантас Маляцкас.
Артық салмақ өзге де сырқаттардың туындауына себепкер болатындықтан одан құтылудың амалдарын қарастыру қажет деп санайды мамандар.
Бүгінде Қазақстанда асқазанды кішірейту оталарына сұраныс көбейгені белгілі болды.
Сіздердің тағамдарыңыз айтарлықтай майлы.
ОКҚ брифингісі барысында қазақстандық және шетелдік мамандар елімізде артық салмақтан арылу үшін ота жасататындардың саны көбейгендігін алға тартты деп хабарлайды Today.kz.
Австрия мен Литва мамандары асқазанды ұштастыру отасына қатысты Астанада шеберлік сағаттарын жүргізіп жатыр. Олардың айтуынша, Қазақстанда бариатриялық оталардың барлық дерлік түрлері енгізілген. Ал асқазанын кішірейтуге келгендер арасында өлім-жітім статистикасы 1/5000 құрайды.
Мамандардың сөзіне сенсек, бүгінде елімізде асқазанын кішірейтуге екінші рет келетіндер де баршылық.
“Негізінен бір науқасқа бір-ақ рет асқазанын ұштастыру отасы жасалады. Алайда кейбіреулер екінші рет ота жасатуға мәжбүр. Себебі олар дәрігерлердің майлы тамақ жемеу туралы кеңесіне құлақ аспай, қайта салмақ жинап алады”, – дейді Алмантас Маляцкас.
Швециялық мамандар өз елінде халықтың саны Қазақстаннан әлдеқайда аз болса да, салмақ тастау үшін жасалатын оталар саны екі есе көп екенін айтуда. Оларда мұндай ота мемлекет қаражатының есебінен жасалады. Ал Қазақстанда ота жасау құны орта есеппен 400 мың теңгеге дейін барады.
Сол арада шетелдік мамандар қазақстандықтарға тамақтанудағы әдеттерін өзгертуге кеңес берді. Әсіресе майлы тағамдарға әуес жандар абай болуы керек дейді дәрігерлер.
Ұқсас жаңалықтар
«Салауатты ауыл» қатары көбейіп келеді
- 17 қараша, 2024
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді