«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Мәскеуліктер Путиннің отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты (фото)

Мәскеуліктер Путиннің отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты (фото)
ашық дереккөз
Мәскеуліктер Путиннің отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шықты (фото)

pogudx5jrv9i6eh4e.f612ed49Жақында Ресей федерациясының президенті Владимир Путин Ресейдің Сириядағы ИШИМ-ге қарсы соғысқа қатысатыны немесе қатыспайтыны белгісіз деп мәлімдеген.

Біз дәл қазіргі таңда осы мәселені жан-жақты талқылаудамыз. Ресей әскері Сириядағы ИШИМ содырларына қарсы соғысқа қатысуы туралы нақты шешімдер қабылданған жоқ. Біз күн тәртібіне Сирия билігімен келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмыз. Рас, біз соғысқа тас-түйін дайынбыз. Дегенмен, бұл туралы әңгіме қозғауға ертерек. Сондай-ақ, біз қазіргі күннің өзінде Сирия билігін қажетті әскери техникалармен, қару-жарақтармен қамтамасыз етудеміз. Тіпті, АҚШ әуе күштері ИШИМ базаларын әуеден соққылағанымен, қарсылық азаймай тұр. Мысалы, ИШИМ бақылауындағы аймақтарда ілгерілеу деген атымен ұмытылған. Онда адамдар қалай өмір сүреді. Өмір сүре алмайды, сондықтан ол жақтан қашады. Олар (террористер) жүз мыңдаған бейбіт адамды аяусыз қыруда, тарихи ескерткіштерді қиратып, дамдарды тірілей өртеуде немесе суға батырып жіберуде. Ол жерде қалай өмір сүруге болады?”, – деген болатын Владимир Путин.

Сириядағы содырларға қарсы соғыста мемлекеттік әскерді қару-жарақпен қамтамасыз ету туралы сөз ете отырып, Сирия мен Ресей арасындағы 7 жыл бұрын қол қойылған келісім негізінде РФ әскері азат ету операцияларына қатысуы мүмкін екендігін айтқан.

Ал, президенттің бұл сөзінен кейін мыңдаған мәскеулік Путин мен үкіметтің отставкаға кетуін талап етіп, шеруге шыққан. Орыс ұлтшылдарының бұл бастамасын «Ұлт және бостандық» комитеті мен «Память» қоғамдық бірлестігі де қолдаған. Шерушілердің басты талаптары:

– президент Владимер Путиннің отставкасы;

– билік басындағы «Единая Россия» партиясы мен биліктік партиялардың отставкасы;

– Сөз бостандығына шектеу қойылмауын қамтамасыз ету;

– Сириядағы соғысқа қарсылық;

-Билік қудалауына түскен саяси тұтқындарды босату және саяси өлімдерге кінәлілерді жазалау. Сондай-ақ, Ресейлік диссидент Борис Немцовтың қазасына кінәлілерді анықтау.

Орталық алаңнан сөз сөйлеген ресейлік ұлтшыл-демократ Владимир Милов шерушілерді путиндік «режимге» аяғына дейін қарсы тұруға шақырған.

The Times  басылымының хабарлауынша, 16 қыркүйек күнгі репортаж барысында Сирияның Латакия шаһарындағы содырлар мен әскерилер арасындағы соғыста ресейліктердің жүргені анық көрінген. Кадр сыртында ресейлік командирдің орыс тілінде бұйрық беріп тұрғаны да естілген.

Ал, Израиль премьер-министрі  Нетаньяху Сириядағы танкілерге қатысты Владимир Путиннің түсіндірме беруін талап еткен. Тіпті, премьер мырза осы үшін арнайы Мәскеуге ұшып келмек ниетті екенін жеткізген. Ондағы мақсат – Ресейдің не үшін Сирияға өз әскерін жібергенін нақтылау және Ресей Израильге қарсы соғыс ашпақ па, соны анықтау.

Путиннің бұл жолғы шешімін Ресей федерациясы құрамындағы Шешенстан республикасының президенті Рамзан Қадыров та қолдап отыр. Тіпті Рамзан Ахмадұлы ИШИМ-ге қарсы соғысқа қатысуды армандайтынын жеткізген

Ұқсас жаңалықтар