Денсаулық
Халықаралық жәрмеңкеде Тараз тұрғындарына төмен бағамен 355 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды (ФОТО)
- author «Ақ жол»
- 21 қыркүйек, 2015
- 712
Халықаралық жәрмеңкеде Тараз тұрғындарына төмен бағамен 355 тонна ауыл шаруашылығы өнімі ұсынылды (ФОТО)
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда 20-23 қыркүйек аралығында 4 күндік халықаралық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп жатыр, деп хабарлады Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметінде.
Жәрмеңке қатысушылары - Қырғызстанның жеті облысы мен Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілері.
Жәрмеңке жұмысының алғашқы күнінде «Атакент-Тараз» нарығының сауда орындарында Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев пен Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы және мелиорация министрі Таалайбек Айдаралиев болды.
Қырғызстан мен Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірушілері төмен бағада 355 тонна түрлі ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды.
Облыстық әкімдік Тараз халықаралық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу аясында және Жамбыл облысы әкімдігі мен Қырғыз Республикасы үкіметі арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту және кеңейту мақсатында өтіп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, Жамбыл облысы мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының өскені айтылады. 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, тауар айналымы 6,6 пайызға немесе 136,2 млн долларға артты. Оның 60,9 млн-ы экспорт болса, 75,3 млн-ы - импорт.
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




