«Қазақстан» телеарнасы көрермендеріне жаңа маусымда жаңа кеңестер алу үшін «Бірге таңдаймыз» атты бағдарламасын ұсынады!
- author «Ақ жол»
- 21 қыркүйек, 2015
- 366
21-қыркүйекте «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында «Бірге таңдаймыз» атты жаңа танымдық тележурналдың тұсауы кесіледі», – деп хабарлайды «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясының баспасөз-қызметі.
Жаңа жоба әрбір көрермен өзіне керегін ала-алатын көңілді, жеңіл әрі танымды тележурнал болмақ. Бағдарламада асүйдегі шеберлік пен тағамдарды таңдаудан бастап, көлік жөндеу, мерекелер ұйымдастыру, жиһаз таңдау және жөндеу, үйдегі абаттандыру жұмыстары, сантехниканың қыр-сыры, аналарға кеңес, бет және дене күтімі, отбасы мүшелерімен қарым-қатынас, жасөспірім баланың тәрбиесі секілді барлық отбасы мүшелеріне арналған пайдалы кеңестер ұсынады. Бір сөзбен айтар болсақ, аталған тележурнал ең көкейкесті тақырыптарды көтере келе, өмірдің әрбір кезеңдеріне пайдалы кеңестер береді, тұрмыста және әртүрлі жағдайларда кездесетін қызықты құпиялардың сырын ашады. «Бірге таңдаймыз» бағдарламасының шығармашылық тобының басты миссиясы телекөрермендеріне өмірде кездесетін түрлі сұрақтарға шешім табуға, күнделікті пайдалы кеңестер беруге, сонымен қатар өз аудиториясын дамытуға бағытталған. «Бірге таңдаймыз» тележурналын «Қазақстан» телеарнасының эфирінде 21-ші қыркүйектен бастап дүйсенбі-жұма аралығында 13:00-де тамашалаңыздар.
Ұқсас жаңалықтар
Қоршаған ортаны қорғауға қоғам белсенділігі қажет
- 19 қыркүйек, 2024
Болашағын әскери саламен байланыстырған сарбаздар
- 19 қыркүйек, 2024
Ақпарат
Алматылық қос азаматтың жазасы жеңілдетілді
- 30 тамыз, 2024
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді