Қазақстан халықтары тілдері күні мерекесіне орай облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы «Мемлекеттік тілді оқыту» орталығының ұйымдастыруымен өткізілуі көзделген апталық іс-шаралар жоспары «Қазақстан-достық мекені» тақырыбындағы фестивальмен басталды. Іс-шараның ашылу салтанатында «Мемлекеттік тілді оқыту» орталығының директоры Күлшат Қожатаева сөз сөйлеп, халық пен халықты достастыратын тілдің мәніне терең тоқталды.
Келесі сәтте орталықта қазақ тілін үйреніп жатқан өзге ұлт өкілдерінің өнеріне кезек берілді. Атап айтқанда, тереңдетілген топ тыңдаушылары Михайл Хундяков, Екатерина Цесараева, бастауыш топ тыңдаушысы Марина Свинаренко, жалғастырушы топ тыңдаушысы Камила Нариман төл тілімізде өлеңдер оқып, еркін сөйлеп, көпшілікті тәнті етті. Сондай-ақ, жалғастырушы топ тыңдаушысы Шофхат Аширов, ТарМУ-дың студенті Аяулым Сембек патриоттық әндер шырқады. Осындай фестиваль 16 ұлттың өкілі тұратын Қордай ауданында да жоғары деңгейде өтті. Бұл іс-шаралар мекемелер арасында «тіл – достықтың бірлігі» атты қабырға газеттерін шығару байқауымен, «Тіл білгірі» атты танымдық сайыспен және ағылшын тілі тыңдаушылары арасындағы интеллектуалды ойындармен жалғасын табатын болады.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




