Әбдірахымов Шымкенттің Лас-Вегастан да әдемі болатынын айтты
- author «Ақ жол»
- 18 қыркүйек, 2015
- 576
Шымкенттің жаңадан тағайындалған әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалаға жаңа тәртіп орната бастады. Жас әкім қала көшелерін аралап, қарамағындағыларды бір сілкіп алды.
Қала көшелеріндегі көпірлер және жерасты өткелдерін аралаған әкім тұрғындарға барынша қауіпсіз жағдай жасау керектігін ескертті. Әсіресе, Әбдірахымов көпірлердің тым қауіпті екеніне екпін түсірген.
«Мына көпірлер тым қауіпті. Құдай сақтасын, адамдар бір-бірін итеріп жіберсе не болады? Біреулер секіріп кетіп, көліктің астына түсуі мүмкін ғой. Біз қанша жерден үнемдеуді ойласақ та, тұрғындарға жайлы жағдай жасауды ұмытпауымыз керек», – деді қала әкімі.
Осылайша, әкім эскалатор салу керектігін айтып, Шымкенттің Лас-Вегастан да әдемі болатынын жеткізді.
Әкім осыдан соң қаладағы жерасты өткелдерін аралап, бұзақылар сындырып кеткен қабырғаларды көреді.
«Жерасты өткелдеріндегі бұзақыларды бақылау үшін күзетші отыратын будка неге қоймасқа?» деген әкімнің сұрағы шымкенттік тәртіп сақшысының көңілінен шыққан жоқ. Осыдан соң, әкім өзіне тиесілі көшеге ғана жауап беремін деген тәртіп сақшысын жерден алып, жерге салды.
Осылайша, жақында Алматы мен Шымкент қалаларына әкім болып сайланған Бауыржан Байбек пен Ғабидолла Әбдірахымов алып шаһарлардың мәселелерін реттеуге кірісіп кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




